Stranger: Димаш Құдайбергенмен бірге ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі бір сахнада өнер көрсетті

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Алматыда әлемдік деңгейдегі шоу – Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты жеке концерті өтті.

Сапалы дыбыс, жарық, костюмдер, нөмірлердің қойылымы алғашқы секундтардан бастап көрермендерді баурап алды.

Stranger: Димаш Құдайбергенмен бірге ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі бір сахнада өнер көрсетті

Орталық стадионға 25 мыңнан астам көрермен жиналды.  Ерекше әсерге толы бұл кеште әнші алғашқы әнін айтып, «Алтын адам» бейнесінде жарқырап биіктен түсті. Үлкен экраннан Алматының көрікті табиғаты көрсетілді. Концертте ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі кеш иесімен бір сахнада өнер көрсетіп, халықтың ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.

       Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі қазақтың күйін көкке әуелетті. Ал ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің балет артистері мың бұрала билеп, кештің көркін қыздырды. Димаш олармен бірге «Elim Menin» әнін орындады.

Stranger: Димаш Құдайбергенмен бірге ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі бір сахнада өнер көрсетті