Елорада «Салтанатты елім» концерті өтті

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Елорада «Салтанатты елім» концерті өтті

       8 қазан күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Астана» концерт залында Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің Республика күніне арналған «Салтанатты елім» концерті өтті.

       Кештің бірінші бөлімі “Алтын мұра” деп аталды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлегеннің бастамасымен қазақтың алтын қорға енген билері көрермен назарына ұсынылды.

Екінші бөлімі “Ұлттар достығы”

Балет артистері әр елдің дүниетанымынан туған, болмысымен, мінезімен үйлесім табатын қимыл өрнектері арқылы түрлі ұлт пен этнос өкілдерінің өнерін, тіршілігін, салт-дәстүрін би арқылы көрсетті.

Үшінші бөлімі «Жаңа тыныс»

Көрермен назарына репертуарымызға жаңадан енген би қойылымдарының премьерасы ұсынылды.

       Астананың тұрғындары мен қонақтары Республика күніне арналған концерттік бағдарламада «Қазақ өрнектері», «Шашу», «Сылқыма», «Қос алқа», «Балбырауын», «Биші қайың», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Аса таяқ», «Татар биі», «Жастық жалын», «Еврей биі, «Мейірім», «Болгар биі», «Моңғол биі», «Молдаван биі», «Қыз қуу», «Ғажайып тылсым», «Жарық», «Алтынай», «Ел салтанаты» би қойылымдарын тамашалады.

       Концертте республикалық және халықаралық конкурстың лауреаты Асқар Мұқият, халықаралық конкурстың лауреаты Рухия Байдүкенова, ҚР Халық әртісі Гүлжан Талпақова атындағы «Өнербаян өрнегі» ІІІ республикалық әлем ұлттары байқауының жеңімпазы Ғазиза Молдахмет, жас артист Інжу Досбергенова өнер көрсетті.

       Кеш соңында ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің атынан «Салтанат» мемлекеттік би ансамбліне ықылас гүлі табысталды.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі: Төлеген Қуанышбек Серікұлы.

Балетмейстер: Ахметов Талғат Рашидұлы.

Педагог-репетиторлар:

«Құрмет» орденінің иегері Бапов Сұлтан Маратұлы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Ильясова Ақмарал Абдикаримқызы. Дыбыс режиссерлар: Утельбаев Қайыржан Құдакелдіұлы, Хамзанов Ерлан Тұралықұлы