Маңғыстау өңірінде ҚР  Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің гастрольдік сапары өтті

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Маңғыстау өңірінде ҚР  Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің гастрольдік сапары өтті

        ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Мемлекеттік еңбек сіңірген «Салтанат» би ансамблінің  Маңғыстау облысында  2023 жылдың 17-19 сәуір аралығында «Салтанатты елім» атты гастролдік іс-сапары өтті.

        Кешке ҚР «Мәдениет саласының үздігі», күйші Рахат Сәрсенов және кеш жүргізушісі Әділет Рахымбай қатысты. Концертік бағдарламада әлем халықтарының билері мен қазақтың ұлттық билері ұсынылды.        «Салтанатты елім» концертіМаңғыстаулықтарға ерекше әсер сыйлады. «Қазақ өрнектері», «Жастық жалын», «Шашу», «Яблочка», «Чешский танец», «Қайран жиырма бес», «Татар биі», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Болгар биі», «Мейірім», «Еврей биі», «Ғажайып тылсым», «Иран биі», «Ел салтанаты» би қойылымдарын өнерсүйер қауым тамашалады. Кеш соңында көрермендер ҚР Мемлекеттік еңбек сіңірген «Салтанат» би ансамблінің артистерінежылы лебіздерін білдіріп,қошемет көрсетті.